«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қош келдіңіздер!

ҚР, Ақтөбе қ., Гастелло көшесі 51

51-17

5_om@mail.kz

Басты бетЖаналықтарХабарландырулар

Ақтөбе қаласы №5 орта мектебінің сайтына қош келіпсіздер!

Мен, Әлібек Әбілқайрұлы, мектеп директоры ретінде Сіздермен кездескеніме шын жүректен қуаныштымын.

Мен физика және информатика пәні мұғалімі ретінде Ақтөбе облысының мектептерінде мұғалімдік, ал 8 жылдай уақыт директорлық қызметтер атқардым.

Мен Сіздермен бірге бірлесе жұмыс жасауыма мүмкіндік туғанына ризамын және Сіздердің балаларыңыз осы мектепте өздерін жақсы сезінеді деген сенімденемін.

Менің мақсатым – Сіздермен әрдайым байланыста болу, өйткені бірлесе балалар үшін жан-жақты жағдай жасасақ, жақсы нәтижелерге жетуге болатынын түсінемін.

Мектеп сайты – бұл мектепті ата-аналармен, достарымызбен, әріптестерімізбен, қоғамдық өкілдермен, өкілетті ұйымдармен байланыстыратын қазіргі жаңа ақпараттық көпір. Бұл – біздің сүйікті мектебіміздің қамтитын ақпараттық кеңістігі.

Біздің интернет – ресурстар бойынша саяхат жасай отырып, Сіздер мектеп тарихымен, негізгі құжаттарымен, білім беру үрдісінің әртүрлі аспектілерімен, табыстарымен, жетістіктерімен жан-жақты терең танысатын боласыз. Бұл таныстықтың барлығымыз үшін де қызықты және пайдалы болатынына сенімдімін.

Егер Сіздің қандай да бір сұрағыңыз болса, маған электронды почта немесе мектеп хатшысы арқылы хабарлауыңызды өтінемін.

 

Құрметпен, №5 орта мектеп директоры

ТУЛЕГЕНОВ АЛИБЕК АБИЛКАЙРОВИЧ

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген   Құрметті мемлекеттік қызметті алушылар! Ақтөбе қаласының әкімдігімен   «Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау» жүйесі іске қосылды. Аталған қызметті алу үшін электронды цифрлы қолтаңбамен   mektep.akt.kz сайты арқылы жеке кабинетке кіріп, өтініш нысанын толтыру қажет. Ары қарай негізгі парақшада «Бірінші сыныпқа қабылдауға құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау қажет.             Аталған жүйе мемлекеттік қызметті алушыларға бірінші сыныпқа құжаттарды онлайн режимінде  қабылдауға мүмкіндік береді. Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі. Авторизация терезесі пайда болады. «ЭЦҚ

читать далее…

 «Мектепке жол» республикалық акциясы

2018 жылдың  1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдық акциясы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-ананың қамқорлығысыз қалғандар арасында жаңа оқу жылына дайындау мен олардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуді алдыналу мақсатында материалдық және өзге де көмек көрсету. «№5 ЖББОМ» КММ Ақтөбе қаласының тұрғындасры мен қонақтарын, бизнесмендер мен кәсіпкерлерді акцияға қосылу арқылы, өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуде өз үлестерін қосуға шақырады. Халықтың Әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы отбасы балаларын мектепке дайындауда өзінің азаматтық белсенділігін таныта алады. Байланыс телефондары:  «Сенім» телефоны «№5 ЖББОМ» КММ –  8 (7132) 40 15 30

читать далее…

Ер есімі- ел есінде

“№5ЖББОМ”КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А.Багиева жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 7 “В”класс оқушыларымен М Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасына негізделген ” Ер есімі- ел есінде” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

МЕКТЕП БОЙЫНША САНДЫҚ МӘЛІМЕТ

ОҚУШЫЛАР

1133

ТҮЛЕКТЕР

1376

МҰҒАЛІМДЕР

85

ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ


МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ

3

ҮЙІРМЕЛЕР

5

СЕКЦИЯЛАР

7