«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қош келдіңіздер!

ҚР, Ақтөбе қ., Гастелло көшесі 51

51-17

5_om@mail.kz

Мектеп асханасы Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша

5 April 2019

    Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталды (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).

Балалардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Ережеде қызметкерлердің білікті штаты бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған өнім берушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерінің өзіндік өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы) көзделген.

2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі енгізілді.

 

      Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестері, қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.

Өнім берушілердің жаңа піскен және табиғи азық-түліктерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін Ережемен өнім берушілердің мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) пайдаланылатын азық-түліктердің өз өндірісінің болуы үшін қосымша балл алуы және отандық өндірушілердің азық-түліктерін сатып алуы көзделген.

Тағамдардың, тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.

 

Өнім беруші Шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы өнім беруші жосықсыз деп жарияланады (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).

 

2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, алғаш рет балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір реттік мектепте тамақтанудың бірыңғай нормаларын әзірледі (2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ҮҚ қосымшалар енгізілді).

Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттерді: дәрумендерді, минералдық заттарды және микроэлементтерді алуы көзделген.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай – ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.

2019 жылдан бастап министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектептік тамақтануын ұйымдастыруына камералдық бақылау енгізді, ол объектіге бармай бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Министрлік ҚР ҚМ-мен бірлесіп мемлекеттік сатып алу портал арқылы конкурстық рәсімдерді электрондық форматқа ауыстыру мәселесін пысықтауда.

Бүгінгі күні мектеп қызметкерлері мен ата-аналар жұртшылығының қызмет көрсетуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалық түрде қарастырылған. Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады,құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.

Тамақтануды ұйымдастыру ережесіне сәйкес қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, органолептикалық бағалауды жүргізеді.

Осылайша, қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктеріне балалардың тамақтану сапасына ықпал етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер пысықталды. Қазіргі таңда, бірінші орынға білім беру ұйымдарының басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершілік деңгейінің маңыздылығын ескеру керек.

 

Осыған байланысты, мектептегі тамақтанудың сапасын арттыру жөніндегі Министрлік қызметінің негізгі бағыты тамақтану сапасын бақылау жөніндегі бракераждық комиссиялар қызметінің тәртібін кеңінен ақпараттық жария етуді қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналарына балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша атқарылған іс-шаралар туралы хабардар етіледі

2018-2019  оқу  жылында №5 жалпы білім беретін орта мектебінде  тегін ыстық  тамақпен қамтылатын оқушыларды  ұйымдастыру  туралы 

 

  «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар  мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
      3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
      4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
      5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      6) алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
      7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

      Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Оқу жылының басынан 94 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтанып келеді,оның ішінде 94 өтініштің  7 өтініш күн көрісі  төмен отбасының   балалары, 52 өтініш  көп балалы отбасынан шыққан  балалар,  32 толық емес отбасы, , 3 өтініш жетім балалар.

Жалпы бүкіл құжаттар  жиналып Ақтөбе қаласының  білім бөліміне  ұсынылды.

 

 

 

 

«№5 ЖББОМ  бойынша  жалпыға  бірдей  міндетті  орта  білім  беру  қоры  есебінен  тегін  тамақ  ішетін  балалардың  статустары  бойынша  мәлімет  наурыз
                                 
  0 1 2 3 4 1 – 4 5 6 7 8 9 5 – 9 10 11 10 – 11 Барлығы
жалпыға  білім  беру  қоры 75 131 125 118 108 482 107 97 74 82 81 441 49 53 102 1100
Соның  ішінде:           0           0     0 0
І  категория                                
аз  қамтылған  отбасы  балалары   3  1    1 5  1    1     2     0 7
ІІ категория                                
күн көрісі төмен отбасылар                                
көп балалы отбасы балалары   11 7 8 6 32 7 6 3 3   19       51
ІІІ  категория                                
жетім балалар     1     1 1         1       2
қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) балалар     1      1                   1
патронат           0         0 0     0 0
V  категория                                
күн көрісі төмен отбасылар           0           0     0 0
көп балалы отбасы балалары           0           0     0 0
басқа категория (толық емес)    3  3  7  4 17  2  5  6   15       32
Мүгедек                 1             1
Всего 0 17 13 15 11 56 11 11 11 5 0 38 0 0 0 94

 

«№5 ЖББОМ» КММ

«Ақтөбе қаласының

Білім бөлімі» ММ

Б Ұ Й Р Ы Қ

 

         03 қаңтар 2019 ж.

             Ақтөбе қаласы

Жалпы білім беру қорынан

көмек көрсетуді және

ыстық тамақтың   

ұйымдастырылуы туралы

        1-2/1 КГУ«СОШ №5 »

«АКТЮБИНСКИЙ ГОРОДСКОЙ

ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ»

П Р И К А З

03 января 2019 г.

город Актобе

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлқ-эпидимиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен атаналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы бұйрықтарын орындау мақсатында 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мектептегі тамақтандыру жұмысының ұйымдастырылуына мектеп әлеуметтік педагогы Ж.Т.Ашықбаева жауапты болып бекітілсін.
  2. Мектепте ыстық тамақтың ұйымдастырылу жұмысының жұмыс жоспары бекітілсін.

    3.Мектепте ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауға бракеражды және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы төмкендегідей құрамда бекітілсін:

  • А.А.Тулегенов- мектеп директоры
  • Б.Ж.Сағынбаева- директордың орынбасары
  • А.Ч.Дуйсенова- мектептің бас бухгалтері
  • Э.Достанова- мектеп мейірбикесі
  • Г.Ж.Тулегенова- бастауыш класс әдіскері
  • Ж.Т.Ашықбаева- әлеуметтік педагог
  • А.Н.Сулейменова – әлеуметтік педагог
  • С.У.Құрманалина- қамқоршылық кеңес төрағасы
  • А.С.Жадилова- ҚК мүшесі

     4) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.

                          

           Мектеп директоры:                                А.А.Тулегенов

Бұйрықпен таныстық :                                    Б.Ж.Сағынбаева

                                                                               А.Ч.Дүйсенова

                                                                               Э.Достанова

                                                                              Г.Ж.Тулегенова

                                                                              Ж.Т.Ашықбаева

                                                                             А.Н.Сулейменова

                                                                              А.С.Жадилова

                                                                              С.У.Құрманалина