«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қош келдіңіздер!

ҚР, Ақтөбе қ., Гастелло көшесі 51

51-17

5_om@mail.kz

Новости

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген   Құрметті мемлекеттік қызметті алушылар! Ақтөбе қаласының әкімдігімен   «Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау» жүйесі іске қосылды. Аталған қызметті алу үшін электронды цифрлы қолтаңбамен   mektep.akt.kz сайты арқылы жеке кабинетке кіріп, өтініш нысанын толтыру қажет. Ары қарай негізгі парақшада «Бірінші сыныпқа қабылдауға құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау қажет.             Аталған жүйе мемлекеттік қызметті алушыларға бірінші сыныпқа құжаттарды онлайн режимінде  қабылдауға мүмкіндік береді. Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі. Авторизация терезесі пайда болады. «ЭЦҚ

читать далее…

 «Мектепке жол» республикалық акциясы

2018 жылдың  1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдық акциясы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-ананың қамқорлығысыз қалғандар арасында жаңа оқу жылына дайындау мен олардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуді алдыналу мақсатында материалдық және өзге де көмек көрсету. «№5 ЖББОМ» КММ Ақтөбе қаласының тұрғындасры мен қонақтарын, бизнесмендер мен кәсіпкерлерді акцияға қосылу арқылы, өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуде өз үлестерін қосуға шақырады. Халықтың Әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы отбасы балаларын мектепке дайындауда өзінің азаматтық белсенділігін таныта алады. Байланыс телефондары:  «Сенім» телефоны «№5 ЖББОМ» КММ –  8 (7132) 40 15 30

читать далее…

Ер есімі- ел есінде

“№5ЖББОМ”КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А.Багиева жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 7 “В”класс оқушыларымен М Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасына негізделген ” Ер есімі- ел есінде” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Е.Н.Бекмухамбетов Қазақстан Республикасының президентінің жолдауын насихаттау бойынша ақпараттық тобы мүшелерімен бірге кездесу өткізді

“№5 ЖББОМ” КММ -де,11 класс оқушылары мен мұғалімдеріне, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің ректоры, облыстық маслихат депутаты Е.Н.Бекмухамбетов Қазақстан Республикасының президентінің жолдауын насихаттау бойынша ақпараттық тобы мүшелерімен бірге кездесу өткізді.

Тәуелсіз ел-ұланымыз

«№5 ЖББОМ» КММ “Тәуелсіз ел-ұланымыз” атты париоттық байқауы өтті. Сайысқа 5-6класс оқушылары белсене қатысты. Ұйымдастырушы Құттыбаева Н.М. Баймагамбетова С.С Отаралин А.Н

Аттестатталушы педагогтың əдістемелік жұмысының панорамасы

2017-2018 оқу жылы бойынша аттестатталушы педагогтарға арналған “Аттестатталушы педагогтың əдістемелік жұмысының панорамасы” тақырыбында мектепішілік əдістемелік іс-шара өткізілді. Іс -шара барысында жеке папкаларын жинақтауда қосымша мəліметтер берілді.  Ұйымдастырушы: директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Щ.Еспағанбетова.

Собрание

“№5 ЖББОМ”КММ-де 11 класс оқушыларының қатысуымен “Алтын белгі” мен “Үздік аттестат” үміткерлеріне арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында 11класс оқушылары өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, пікірлерін ортаға салды. Жиналыс өз деңгейінде өтті.

Семинар

ҚҒƏО ұйымдастыруымен №30 ОМ өткен семинарға «№5 ЖББОМ» бастауыш класс мұғалімі С.В.Нечепурная қатысып іс-тəжірибесімен бөлісті.

Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас

“Шапағат” ЖК аясында 2018жылдың қаңтар айының 6 жұлдызында Ақтөбе ОМ де өткен «№5 ЖББОМ» мен  №31 ОМ көшбасшыларының бірлескен ..”Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас” тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жаңа жыл

Келе жатқан жаңа жыл жақсылықтың, молшылықтың, береке – бірліктің жылы болсын!!! Денсаулықтарың зор болсын, несібелерің мол болсын. Жүздеріңде нұр болсын, құшақтарыңда гүл болсын. Шаттыққа толып күндерің, мерекелі жыр болсын. Еңбектерің жемісті, тапқандарың пұл болсын! Ағайын – туыс, әріптес, ниеттерің бір болсын. Табалаған дұшпандарың табан астында құл болсын. Келе жатқан жаңа жыл, ең бақытты жыл болсын!!!

О великий могучий русский язык!

«№5 ЖББОМ » КММ орыс тілі пәнінің ашылуы «О великий могучий русский язык!» салтанатты түрде өтті.

Жақсы қала, жақсы өмір!

“№5 ЖББОМ”КММ 2017жылдың 25- желтоқсан күні “Жақсы қала, жақсы өмір” тақырыбында өткізілген жаңа жылдық сурет көрмесі және “Менің әдемі Ақша қарым” атты қол өнер көрмесі. Ұйымдастырған технология пәні мұғалімдері: Қазтуғанова Р.Н, Алипов Д.Н.  

Алаш туы астында, күн сөнбесе сөнбейміз!

“№5 ЖББОМ”КММ Тәуелсіздік күні жəне Алаш арыстарының 100 жылдығына орай “Алаш туы астында, күн сөнбесе сөнбейміз!” тақырыбында тарихи кеш өтті.Кеш барысында оқушылар зиялы қауымның өмірі жəне қызметіне тоқталды. Сондай ақ оқушылар өз ойларын ортаға салды.

1986 жылғы Желтоқсан жаңғырығы,Тәуелсіздік баға жетпес байлығым

“№5 ЖББОМ”КММ кітапханашылары “1986 жылғы Желтоқсан жаңғырығы,Тәуелсіздік баға жетпес байлығым” атты көрме ұйымдастырды, көрмеге келген 3«ә»класс оқушыларымен бірге желтоқсан оқиғасы жайында әңгімелесу өткізуде.

Тәуелсіздік- тірегім

“№5 ЖББОМ” КММ 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 1″г” класы мен класс жетекшісі Амандыкова Айым Галымжановна ұйымдастырылуымен ” Тәуелсіздік- тірегім” атты мерекелік іс-шара өтті.

Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын

“№5 ЖББОМ” КММ ” Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын” атты тренинг 6″ В” класында өткізілді. Жетекшісі Багдаулетова Т.Т.

ТАУ ТҰЛҒАЛЫ-БӨКЕНБАЙ БАТЫР

2017жылдың желтоқсан айының 5ші жұлдызында “№5 ЖББОМ” КММ тарих пəнінің мұғалімі Жадрасынова Алмагул Балтабайқызының басшылығымен 10-11 сынып оқушылары арасында Табын Бөкенбай батырдың 350жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған” ТАУ ТҰЛҒАЛЫ-БӨКЕНБАЙ БАТЫР”атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Мен көздеген мақсатыма жетемін

“№5 ЖББОМ” КММ 2017 жылдың 5 – желтоқсан күні қалалық Олимпиадаға ” Мен көздеген мақсатыма жетемін” атты психологиялық тренинг өткізді. Мектеп психологтары:А.А.Батыргалиева және Г.А.Аталыкова.

Нұрталап-2017

«№5 ЖББОМ» КММ “Спорт жұлдыздары” республикалык ғылыми-әдістемелік журналы мен Акниет балалар шығармашылық орталығы ұйымдастыруымен “Нұрталап-2017” атты республикалық ән байқауында 5-11класс оқушылар қатысумен Амиржанова Аружан 7кл.Қуанышев Бағдаулет 1орын иеленді.Жетекшісі Баймагамбетова Самал Сержановна. Құттықтаймыз!!!

Елін сүйген, жерін сүйген елбасы

“№5 ЖББОМ” КММ 1- желтоқсан Президент күніне орай ” Елін сүйген, жерін сүйген елбасы” атты мерекелік кеш өткізілді. Мектеп кітапханасышы мен қазақ тілі пәні мұғалімдері бірлесе отырып ұйымдастырды.

Егер мен президент болсам…

«№5 ЖББОМ» КММ 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған мектепалды даярлық тобы 1, 2 кластар аралығында мəнерлеп оқу “Егер мен президент болсам…” тақырыбында, 3-4 кластар аралығында шығарма сайысы өткізілді.

Бес құндылық

«№5 ЖББОМ» КММ-де кластан тыс «Бес құндылық»  атты  іс-шара өтті. Шараға 6 «Г» класс ата-аналары  ат салысып, белсенділік танытты.  Пән  мұғалімі А.А. Батыргалиева.  

Быть, а не казаться!

«№5 ЖББОМ» КММ-де «Өзін- өзі тану- сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы»  декадасында 5 «Д» класында «Быть, а не казаться! »тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақ өткізген пән мұғалімі А.А. Батыргалиева.

Тəуелсіздік- баға жетпес құндылық

“№5 ЖББОМ” КММ 1- желтоқсан Тұңғыш Президент жəне Тəуелсіздік күні қарсаңына орай тарих пəні əдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тəуелсіздік- баға жетпес құндылық” тақырыбында салтанатты жиын өтті.Оқушылар белсенділік танытып, 9 класс оқушылары мерекелік флешмоб тарту етті.

Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру

«№5 ЖББОМ» КММ  1 «Ә» сыныбында  ата-аналар жиналысы өтті. «Болашаққа бағдар –рухани жаңғыру» тақырыбында сынып жетекшісі Г.Т. Изтаева баяндама оқып, бейне көрсетілім көрсетті.

Кружится вальса звук прелестный

«№5 ЖББОМ» КММ 2017жылдың 24-қараша күні веннскалық бал «Кружится вальса звук прелестный» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс- шара 9-11кластар арасында өткізілді.