«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қош келдіңіздер!

ҚР, Ақтөбе қ., Гастелло көшесі 51

51-17

5_om@mail.kz

ҰБТ

1) ҰБТ өткізу технологиясы:


2) Мектеп бітірушілер үшін ҰБТ тесттерінің құрылымы :

    Тапсырмалар саны Тапсырма нысаны Бағалау нысаны
1 блок

(3 пән)

Математикалық сауаттылық 20 Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға арналған тест тапсырмалар
Оқу сауаттылығы 20

(4 мәтін)

Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына ой жүгірту, талдау жасау, салыстыру және т.б.
Қазақстан тарихы 20 Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты Оқу бағдарламасының талабына сәйкес пәндік білімі, икемділігі, дағдысы
2 блок

(2 пән)

Бейінді пәндер

(әр мамандыққа екі пән)

20 Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты Пән бойынша тереңдетілген білімі (ілгерілген деңгейді меңгеру), икемділігі мен кең ауқымды дағдысы
10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмалар Пән бойынша тереңдетілген білімі (ілгерілген деңгейді меңгеру), икемділігі мен кең ауқымды дағдысы

Тапсырмалар саны: 120

Максималды балл саны: 140.                      

Шектік деңгей: 140-тан 50

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапбы бар тест тапсырмаларын бағалау тәртібі:

  • дұрыс жауаптарын толық таңдау – 2 балл;
  • 1 қате (1 дұрыс жауап табылмады немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалды) – 1 балл;
  • 2 немесе одан көп қателер – 0 балл.

3) Жоғары білім беру мамандықтары бойынша бейінді пәндердің комбинациясы:

1 бейінді пән 2 бейінді пән Мамандықтар саны
1 математика физика 52
2 математика география 18
3 биология химия 22
4 биология география 12
5 шет тілі тарих 10
6 география шет тілі 4
7 тарих Адам. Қоғам. Құқық 5
8 тарих география 7
9 химия физика 5
10 Оқыту тілі және әдебиет тарих 7
11 шығармашылық шығармашылық 33
  Барлығы 175

4) ҰБТ-ға дайындық барысы туралы:
ҰБТ бойынша келесілер орындалды:

  • ҰБТ-ның барлық пәндері бойынша тест тапсырмаларының базасы қалыптасты: екі сараптама, апробация өткізілді;
  • ҰБТ-ға арналған мамандықтар бойынша бейінді пәндердің тізімі ҚР БҒМ-мен келісілді және ҚР БҒМ, ҰТО-ның сайттарында, ҰТО-ның (vkontakte, facebook, instagram) әлеуметтік желілерінде жарияланды;
  • ҰБТ пәндері бойынша тест спецификациялары ҚР БҒМ-мен келісілді және бекітілді;
  • тест тапсырмаларының үлгілері ҰТО-ның сайтында жарияланды;
  • қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша тесттердің нұсқалары kundelik.kz сайтында педагог қызметкерлерге ұсынылды;
  • байқау сынағына арналған тест тапсырмаларының нұсқалары дайындалды (бланкілік нысан – ҰТО филиалдарында, онлайн-режим – ҰТО сайтында);

МЕКТЕП БОЙЫНША САНДЫҚ МӘЛІМЕТ

ОҚУШЫЛАР

1117

ТҮЛЕКТЕР

1324

МҰҒАЛІМДЕР

86

ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ


МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ

3

ҮЙІРМЕЛЕР

5

СЕКЦИЯЛАР

7