«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қош келдіңіздер!

ҚР, Ақтөбе қ., Гастелло көшесі 51

51-17

5_om@mail.kz

Жалпы тәрбие жұмысы

№5 ОМ  2016-2017 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысы

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан республикасының Білім және   ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген.

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

2016-2017 оқу жылында №5 орта мектебінің тәрбие жоспары жасақталып,  мектеп директорымен бекітілді.

2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының  мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Ұлттық сана сезімі, мәдениет, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор бойына игі қасиеттер қалыптастыратын азаматтар тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Мемлекеттік рәміздер тарихын терең білу, оған сый құрметпен қарау.
  • Отанға, елге сүйіспеншілік, патриоттық сезімін арттыру.
  • Озық педагогикалық-психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, адамгершілік, имандылық қадір-қасиетін арттыру.
  • Жалпы және ғылыми білім беретін пәндердің тәрбиелік мәнін күшейту.
  • Оқушы жастар мен балалардың арасында әлеуметтік тұрғыдан есірткіге қарсы тұру қабілетін қалыптастыру.
  • Оқушы балалар мен жастардың арасында діни экстремизмге қарсы шаралар мәнін күшейту.

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

Класс  сағаттарының өтілуі: 1 қыркүйек 1-11 кластар аралығында « Алғашқы қоңырау» атты білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиыннан кейін 1-11 кластар аралығында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында класс сағаттары жүргізілді. Жүргізілген класс сағаттары жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлей білуге, оқушыларды ұлтжандылыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу негізінде жүргізілді.

14-22.09.16 «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» онкүндігі болып өтті.  Осы аталған онкүндік барысында 2-3 кластарда ашық сабақтар жүргізілді. Атап айтсақ  2«ә» класында «Мемлекеттік тіл-менің тілім», 3 «в» класында «Тіл -ұлттың жаны» атты ашық сабақтар және 3 «а» класында

«Родной язык- гордость нации», 3  «б»  класында  «22 сентября день языков Казахстана» аталған класс сағаттары өз деңгейінде өткізілді. 3«а» класының жетекшісі Токраулова Г.М.класс оқушыларын кембридж тәсілімен бөліп отырғызудан бастады. Сабаққа оқушылар аса көңілді  күймен қатысты. Ойларын еркін жеткізіп отырды. Түрлі ойын элементтерін қолдана отырып, ашық сабақты қызықты өткізді. Барлық оқушылар белсенділік танытты. Сабаққа қойылған баға -78 %  құрады.

Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылып жоспарланған келесі ашық сабақ 3 «б» класында жалғасын тапты. Сабақ класс оқушыларын  топқа бөліп отырғызудан басталды. Берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай негізделіп алынған. Айта кететін кемшіл тұстары оқушылар ашық сабаққа түгел ат салыспады. Қызығушылықтары төмен болды. Үндемей отырған балалармен қосымша жұмыс жасалмады. Қойылған бағасы-55%.

3 «а»  класында жүргізілген «Родной язык- гордость нации» атты ашық тәрбие сағатында  өлеңде оқылып, мақал –мәтелдерден жарыстар да ұйымдастырылды. Мұғалімнің оқушылармен қарым–қатынасы жақсы, әр оқушыны мадақтап, бағалап отырды. Бір ескертетіні кластың белсенділігімен көбірек жұмыстану керек. Қойылған баға-68%.

4 «в» класында «Тіл -ұлттың жаны» атты ашық сабақты класс жетекшісі Абдінагиева Г.өткізді. Оқушыларға тіл туралы толық мәлімет бере отырып, Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы айтылған бейнефильмін негізге ала отырып,  сабақты тартымды етіп өткізді. Оқушылар ашық сабақтан көп мағлұмат алды. Пікірталас түрінде жүргізілген бұл ашық сабаққа қатысқан ұстаздардың көңілінен шығып отырды. Оқушылардың белсенділігі жоғары, алғыр класс.Қорыта келе сабаққа қойылған баға -86%  құрады.

Тілдер мерекесінен кейін қарбалас келетін  «Қарттар мерекесі» қарсаңында да ашық тәрбие сағаттары берілді. «Қарттарым қазынам» атты 9 «ә» класында ұйымдастырылған ашық сабаққа класс оқушылар қарт ұстаздарды да шақырды. Ашық тәрбие сабағы көңілді, қызықты өткізілді. Бұл сабақтан түйгеніміз үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету, үлкендерге қуаныш сыйлау сияқты тәрбие жұмыстары жүргізілді.  Үлкен қарт ұстаздар оқушыларға ризашылықтарын білдіріп жатты. Сабақ концерттік формада өтті, сәтті аяқталды.

«Тұңғыш президент», «Мой президент» атты ашық тәрбие сағаттарын 10 «а» мен 11«а» кластарының жетекшілері ұйымдастырды. 11«а» өткізілген сабаққа тоқтала кететін болсақ,  жоғары сынып оқушыларының деңгейіне сай алынған сабақ жоспарларының құрылымы күрделі болса да сабақ тартымды өтті.  Оқушыларда шаршау байқалды.  Әр топқа бөлінген класс оқушылары әр топтың атын қорғаудан бастады. Эмблема, әнұраны болды. Видео роликтер көрсетіліп, капитандар да сайысқа түсті. Қосымша практикалық тапсырмалар да беріліп отырды.

«Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» атты тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген ашық сабаққа 9 «ә» класс оқушылар түгел қатысты. Класс жетекшісі Аманкускызы Г.сабақты тартымды етіп өткізуге тырысты.  Класс сағатының мақсаты: оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінен мол мағлұмат беру, қол жеткен жетістіктерімен таныстыру болды. Саяхат түрінде жүргізілді. Оқушылардың белсенділіктері төмен. Сабақ барысында көп мағлұмат ашық түсіндірілмей қалды. Оқушылар кейбір мәліметті  толық ұқпады. Сабақ орташа деңгейде өтті.

«Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін…» атты 9 «ә» класында өткен ашық тәрбие сағатының мақсаты елінің, жерінің кеңдігіне қарамастан өзге ұлттарды бауырына басқан тәуелсіз елдің  егемендікке жету жолдары, желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын  оқушылар көңіліне ұялату. Сабақ тартымды өтті. Оқу материалдары жас ерекшеліктерне сай келмеді, күрделендіріп жіберген. Оқушылардың қызығушылығы төмен болды.

  • Кластан тыс шаралардың өтуі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол» атты жолдауы оқушыларға насихаттау мақсатында жоспарлы түрде, «Менің Қазақстаным – менің болашағым», «Мемлекеттік рәміздер тарихы» атты әңгіме сұхбаттар, пікірталастар өткізілді, «Гүлдене бер, Отаным» тақырыбында тақырыптық тағылымды  тәрбие сағаттар өткізілді. Патриоттық тәрбие беру барысында мемлекеттік нышандар маңызды роль атқаратыны бәрімізге мәлім. Патриотизмнің өзі мемлекеттік нышандарға деген құрметтен басталады.«Рәміздер туралы ұғым», «Сенің жетістіктерің, Қазақстан» тақырыбында класс сағаттары өткізілді, патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.

2) 2016-2017 оқу жылында №5 орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -шаралар жоспарланып,бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жүргізілетін саясатының аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын орындау мақсатында мектебімізде заңсыз ақша қаражаттарын жинауға тиым салу туралы бұйрықтар шығарылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрышы жасалды. №5 орта мектебінде  сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың пайда болу жағдайларының алдын алу негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты стенд ілінді. Ата-аналар мен оқушылардан заңсыз ақша жинауды болдырмау үшін  «сенім жәшігі» мен «сенім телефоны» да ұйымдастырылды. Мектеп оқушылар мен ата-аналарынан мектеп қажеттілігі үшін қаражат жинауды болдырмайтындығы туралы жиналыстарда айтылып, хаттамалар жазылды. «Өзгенің ақшасына қол сұқпау» атты  тәрбие сағаты  3 «А, Б» кластарында жүргізілсе, 5 «А, Б» сыныптарында «Сыбайлас жемқорлықты қалай тоқтауға болады», 7 «А» класында өткен «Жемқорлық дегеніміз не?»,  10 «А» класында «Жемқорлықпен күресу- басты міндетіміз» атты тәлімі мол тәрбие сағаттары өтті. Бұл аталған тәрбие сағаттарының мақсаты оқушылардың   заңға қайшы заттардан аулақ болу, жауапкершіліктерін ұғындырып, құқықтық мағлұмат беру. Сонымен қатар 5-7 кластар аралығында  сауалнамалар  жүргізілді. Сауалнама барысында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен қатар  күресудің бірнеше әдістері ұсынылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп отырды.  Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы  ауызша хабарламалар мен жазбаша түсініктер қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарына тәулік бойы қабылданатындығы да айтылып отырады. «Жемқорлыққа менің көзқарасым»  айдарымен пікірталас өткізіліп әр кластан  бір оқушы қатысып, сыбайлас жемқорлық жайында өз ойларын  ортаға салды.

Осы уақыт аралығында сенім телефоны мен сенім жәшігіне ешқандай мәлімет түскен жоқ.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет күніне арнайы ұйымдастырылған  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты шығармалар байқауы, оқушылардың ой қиялынан ұшқындаған    сурет көрмесі де  өз деңгейінде жүргізілді. Оқушылар орындаған шығармалар мен сурет байқауларының қорытындысы анықталып,  жүлделі орындармен марапатталды.

№5 орта мектебінде қаңтар айында сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың пайда болу жағдайларын алдын алу мақсатында ата-аналармен  бірлескен жиналыс, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  оқушылар көзқарасы» тақырыбында  оқушылар арасында  дөңгелек  үстел өткізілді. Бұл іс-шараға 8-9 класс оқушылары мен класс жетекшілері қатысты. Дөңгелек үстелді 10 «А»класс жетекшісі Қайдасова Г. ашты. Осы  өткізілген  дөңгелек  үстелдің  мақсатына  тоқтала  келе, жемқорлыққа қарсы  күресу  үшін өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың, халықтың идеологиясын, ойлауын өзгерту керектігін  айтып  өтті. Алғашқы  сөзін  қорытындылай  келе  оқушыларға  бәсекеге  қабілетті елдердің қатарына ену үшін,  жас ұрпағының   білім алып, тәрбиеленуі,   жан-жақты  даму керектігін айтып, қорытындылады. Сөз  барысында сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы нақты  қадамдарды  атап  өтті. Дөңгелек  үстелдің  соңында  тақырыпқа  сай  видео-ролик көрсетіп  оқушылармен  кері  байланыс  жасай отырып төмендегідей  қорытынды   жасалды:

  1. Ереже, заңдарды бұзбай өмір сүру;
  2. Нарық пен  бәсекелестіктің  рөлін  күшейту т.б.

3.Заңды  қатайтып  және  оның орындалуын  қатаң  қадағалау,  сол  арқылы   жазалау  қаупін күшейту.

Келесі кезекте ақпан, наурыз  айларында  «Жемқорлықты қалай тоқтатамыз!» айдарымен пікірталас жүргізілді. Пікірталасқа 9 а,б класс  оқушылары белсенділікпен қатысты. Класс жетекшіcі: Даулетиярова Ш., Килашева Ж. оқушыларды түгел қамти отырып,  шараны өз дәрежесінде жүргізді. Жемқорлықты тоқтатудың жолдарын нақты түсіндіріп, ашып баяндаған  пікірталас қызу талқыланды. Қорытып айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдау керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді болу қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық деген тоқтамға келді. Соңында қатысқан оқушыларды  марапатталды.  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманкускызы Г. 5-6 кластардан  сыбайлас жемқорлық, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдай тудыратын барлық фактілер бойынша әңгімелер жүргізді, видео роликтер көрсетіп, сауалнамалар алды. Сонымен қатар,Карабаева С. жас ұстаздармен «Сыбайлас жемқорлық індет, жою оны міндет» тақырыбында коучинг өткізді.

3) Оқушылардың өз Отанын сүюге, құрметтеуге,ел бірлігін сақтауға, Елбасының ұстанып отырған саясатын қолдауға, жас ұрпаққа елжандылық және рухани-патриоттық тәрбие ұялату үшін іс-шаралар жоспарға сай уақытылы өткізілу үшін 15.11.2016 жылы жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілген болатын. Осы құрылған жоспар негізінде  бірнеше іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, «Ел сенімін ақтаған елбасы» 1-11 кластар аралығында класс сағаттары, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан 25 жыл» көрме мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Мектеп кітапханашылары: Төлепбай М. және Айтуғанова К. жас ұлан, жас қыран топтарының отырысында «Елбасы күні-елдікке құрмет» пікірталас, ойталқы өтті. Сурет көрмесі 1-4 кластар аралығында «Президентім мақтанышым». Ұйымдастырушысы: Класс жетекшілер және аға тәлімгер Айтуғанова К. Және жалғасы концерттік бағдарламамен ұласты. «Елбасы елімен бірге» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Мектебімізде 5-6 кластардан құрылған домбыра үйірмесінен өз өнерлерін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары тәуелсіздікке арналған жыр шумақтарын тарту етті. Патриоттық әндер мен күй тыңдалып, кеш өте қызықты өтті.

4) «Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің  қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиыны өткізілді.Жиынға 2-5 класс оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, «Біріңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық туы енгізілді. Мектеп кеңесінің белсенділері «Жас ұлан» ұйымының мақсат, міндеттерін таныстырды. Оқушыларды мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары құттықтады.  «Жас ұлан» мен «Жас қыран» барлығы 135 оқушы қабылданды.  Барлығына галстук тағылды.

5)  Құқықтық тәрбие беру мақсатында 5-30 қыркүйек аралығында оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы өткізілді. Айлық шеңберінде мектепішілік және ІІБ-де есепте тұрған оқушылар тізімін анықтау жұмыстары жүргізіліп, «қолайсыз отбасылар» және оларда тәрбиеленуші балалар туралы мәліметтер жинақталды. Мектепішілік есепке қазан айында 8 «Б», 8 «В» класынан екі оқушы тіркелді. Олар Розман В. мен Сагитжанов Ж.. Есепке алу себебі пән мұғалімдерден сабақ барысында жұмыс жүргізуге кедергі жасайтындары туралы көптеген шағым түсті. Сол себептен мектепішілік есепке алу туралы ата-аналарына хабарлама жіберілді. Құқықтық кеңесінде ата-ана, мектеп инспекторы және мектеп әкімшілігі осы балалардың тәртібі жөнінде кеңес өткізді. Класс жетекші жыл бойы осы оқушыларды қатаң бақылауға алды.

6) Қаңтар айында ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Ауғанның от жылдары» атты  кездесу кеші де жоспарға сай өткізілді. Кешіміздің қонағы ауған соғысының ардагері Жарылғасынов Бауыржан Аманжанұлы болды. 10 класс оқушылары және АӘД жетекшісінің ұйымдастыруымен өткен шара өте әсерлі өтті. Ауған соғыстарының естеліктері тыңдалып, оқушылар көп көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып отырды. Ән айтылып, би де биленді. Бауыржан ағамыз оқушыларға батасын беріп, мектеп әкімшілігіне игі тілегін жаудырды.

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие

   Класс сағаттары: 10.10.2016 жылы 4 «А» класында «Жақыныңды бағалай біл жатсынба!» атты ашық сабақ өтті. Класс жетекшісі: Тлегенова Ұ . Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Тақырып бойынша түрлі ойын элементтерін қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізді. Арасынды ән салып, жұмбақтар та шеше білді. Сабақ өте әсерлі өтті. 4 «в» класының жетекшісі Амандықова А. жас маман бола тұра,  ата-аналармен бірлескен «Жан жылуы» бағдарламасы негізінде ашық сабақ өткізді. Ата-аналар мен оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Сабақта көп көрнекіліктер қолданылып, ата-аналар арасында қызу пікірталас жүрді. Видеороликтер көрсетіліп, соңын әнмен аяқтады.  Қатушылардың барлығы алғысын айтып, жас маманға өз пікірлерін де білдіріп жатты. Қорытындылай келе, сабақты «5» деген бағамен бағалады.

Кластан тыс шаралар:

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында 1-қазан қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға қарияларды шақырылып, оларға арнап мерекелік дастархан жайылды. Ұстаздар мерекесіне орай «Мектеп – білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 16-20.11.2016 жыл аралығында қайырымдылық акциясына байланысты «Ризашылық күні» өткізілді.

№ 5 ОМ  діни-экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша 2016-2017 оқу жылына жоспар құрылып, ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мелекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында түрлі іc-шаралар  жүзеге асырылды. Дін жолындағы ата-аналар мен оқушылар туралы мәлімет жинақталды.Мәлімет жинақтау барысында дін жолында жүрген ата-аналар мен оқушылар біздің мектебімізде 2: Сражадин Дана, Дүйсмағанбетова Гүлсезім. Олар  туралы ай сайын қалалық ғылыми-әдістемелік орталығына хабарланып, мәлімет тапсырылады.

Қыркүйек айында оқушылармен діни экстремизмнің алдын алу бойынша түсініктер жүргізілді, қазан айында мектепішілік ата-аналар жиналысында  тарих пәнінің мұғалімі Жадрасынова А. «Діни-экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, бейне ролликтер көрсетіп, қазіргі таңда қауіпті болып отырған  түрлі секталар туралы толық түсінік берді. Мектеп директоры  ата-аналардың оқушыларға  осы мәселе туралы толық ақпарат беріп, отбасында әңгімелесу, сұхбат жүргізулерін сұрады. «Келеңсіз» отбасындағы балалардың үйлеріне  барып, бақылау жұмыстары ай сайын жүргізіледі, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы кездесіп, бақылап отырады. Сонымен қатар қараша айында мектеп оқушыларынан «Діни-экстремиз дегеніміз не?», «Қандай алдын алу шаралары бар?» деген түрлі сауалнамалар алынып қорытындысы жасалды. Рухани келісім күніне орай 8-10 кластарының класс жетекшілері «Имандылық-инабаттылық айнасы», «Имандылық жарасады ұл-қызға»  атты  тәрбие сағаттары өткізілді.

Желтоқсан айында тарих пәні мұғалімдері Тоқмурзина А. мен  Қарабаева С. оқушылардың  мұсылман діні мен теріс бағыттағы дәстүрлі емес ағымдар туралы түсініктерін кеңейту, алдын алу мақсатында «Ислам дінінің  асыл құндылықтары» айдарымен үлкен дөңгелек үстел өткізіп, оқушылардың еркін пікірлері тыңдалып, көзқарастары айқындалды.

Қаңтар айында « Ақтөбе облысы дін істер басқармасы өкілдері, «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы  Асанов  Нұрлан Байжігітұлы, «Аңсар»  ақпараттық талдау орталығының өкілі  Қалманов Мейірбек мырзаның қатысуымен «Жастарға дәстүрлі дінді түсіндіру және  діни ағымдардың алдын алу» үшін 8-11 кластар аралығында кездесу өтті. Елбасымыздың өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлетіндігін атап айтты. Және қазір елімізде жастардың сырттан келген дәстүрлі емес діни ағымдарға, экстремизмге, терроризмнің шырмауына еріп кетуі белең алып отыр. Сондықтан қазіргідей халықтың дінге қызығушылығы артып отырған тұста мемлекеттің саясатын, дін туралы ұғымды, дін туралы заңды түсіндіру халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ауадай қажет болып отыр» деп түсінік берді. 

   Шара мақсаты: жастарға дінді түсіндіру,  секталардың шырмауы туралы түсінік беру. Басқа ағымдардағы ұйымдарға жастарымыздың еліктеуіне тосқауыл қою. Келтірілген фактілер, мысалдар арқылы жеке тұлғаның санасына діни экстремизмнің алдын – алу бағыттарын қалыптастыру. Жастарымыздың бойына рухани құндылықтарды сіңіру. Оқушылар иманға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып пікір алысты. Оқушылар көп нәрседен мағлұмат түйді.

  1. Ұлттық тәрбие

1-11 кластар аралығында « Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты апталығы аясында класс сағаттары өткізілді. «Ұланымыз ұлы елдің» атты би конкурсына 7-9 класс оқушылары қатысып, ұлттық биді нақышына келтіріп орындай білген, киген костюмі, орындау шеберлігін арнайы бақылаған әділқазылар мүшесі би конкурсының жеңімпаздарын да анықтай алды. Және алдағы өтетін мерекелік іс-шараларға қатыса алатындықтарын айтты.  І орынды 7 «Б» класы, ІІ орын 9 «А» класы, ІІІ орынды 8 «В» класы иеленсе,  қалған кластарға белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттар берілді. Оқушылар мен ұстаздар риза болды.

  1. Отбасы тәрбиесі

Қоғамдағы отбасының ролін жоғарылату, жастар арасында отбасы құндылықтары мен салт – дәстүрлерін, аналық , әкелік  рольдерді кең көлемде насихаттау және отбасылық тәрбиені білім жүйесіне үздіксіз іс-әрекет ретінде енгізу мақсатында «Аналар-асыл жандар», «Отбасы – аялы алақан мекені»,  «Баланың бас ұстазы –ата-ана» т.с.с. отбасы мерекесі қарсаңында іс-шаралар жүргізілді.

«Отан отбасынан басталады» атты ашық тәрбие сағаты 7 «Ә» класында өтті.  Класс    жетекшісі Оспанова Г. Мақсаты: отбасындағы қарым –қатынас мәдениетін түсіндіру, отбасындағы баланың рөлін айқындау және бақытты жанұя моделін дайындау.  Ашық сабаққа ата-аналарда қонаққа шақырылды. Алдымен ата-аналар пікірі кейін балалар пікірі тыңдалып, оқушылар слайд дайындап, мол тағылым алатын тәрбиелі сағат болды. Және де «Шаңырағым –шаттығым» атты 2 «г» класында, «Отбасы берекесі» атты 8 «ә» ашық тәрбие сағаттары жүргізілді. Ашық сабақтардың жақсы жақтары мен қатар кемшіл тұстары да болды. Класс жетекшілерге ескертілді.

  1. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

 Өткізілген кластан тыс шаралар: Еліміздегі экологиялық жағдайды сақтауға қала мектептерінің барлығы жұмылдырылуда. Бейсенбі күндері «Тазалық» күндері, сенбіліктер жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырды. «Адам – жер шары ұрпағы» тазалық акциялары, «Табиғат – тылсым дүние» экологиялық апталықтары өткізілді. Мектепте «Жас экологтар» клубы жұмыс жасайды.

«Жас экологтар» клубының құрамында 12 бала бар. Жетекшісі:Килашева Ж. Мектеп директорының 03.09.2016 жылғы бұйрығымен бекітілген жылдық жоспары бойынша жұмыс жасады. Жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді. «Таза қала, таза мектеп» акциясы ұйымдастырылып тоқсан сайын  жүргізілген жұмыстар  бойынша есеп берілді. «Мен және қоршаған орта» пікірталас 5-7 кластар аралығында, «Жер ананы аялайық!» сайыс 2-4 кластар аралығында, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары өтті. Мектеп оқушылары мен ұстаздар күз, көктем айларында  сенбілік жұмыстарын жүргізіп отырады.

  1. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Кластан тыс жұмыстар:  Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мақсатында облыстық Т. Ахтанов атындағы драма театрымен, Қуыршақ театрымен, облыстық шығармашылық үйімен, қалалық оқушылар сарайымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар оқушылар «Әлия» музейіне деп барып тұрады.  Мектепте төмендегідей іс-шаралар өткізіледі: Жаңа жыл мерекелері , «Қыс ханшайымы», «Армысың, алтын күз!» «Көктем аруы», «Қаһарман ұрпақтары» атты сайыс, шерулер ұйымдастырылды. «Көктем ару» байқауына 9 қыз қатысты. Әр кластан бір оқушы. Алдын ала оқушыларға байқаудың өткізілу жоспары ілінді. Сол белгілінген талаптар бойынша әділ қазылар бағасын беріп отырды. 4 бөлімнен тұрған байқаудың жеңімпазы 7 «В» класс оқушысы Шолох К. болды. Қыз балалардың сойлеу мәнері, жүріп тұру мәдениеті, шығармашылығы барлығы түгел бағаланды.Бұл шараны өткізудегі мақсат: қыз балалардың жан дүниесінің сұлулығын, халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, ибалық сұлулық әлеміне тәрбиелеу. Қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды.

  1. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Класс сағаттары:  6 «А» сыныбы, жетекшісі: Байтенова А.  «Тарих білгірлері» тақырыбымен өткізілді. Сабақтың формасы интеллектуалдық ойын түрінде  өтті. Класс 3 топқа бөлініп, отырғызылды. Әр топтың ұраны мен әмблемасы болды. Ойын соңында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.  мұғалім тарихи жәдігерлерге тоқтала отырып, бейне жазбаларды молынан қолдана білді. Сабақ толық өз деңгейіне жетті.

Кластан тыс шаралар: қыркүйек айында «Сөз мергені» интеллект. ойын  өткізілді.  5-7 класс аралығында  өткізілді. Интеллектуалды ойын жеңімпаздарын анықтау мақсатында әділқазылар алқасын сайлады. Нәтижесінде жеңімпаздар  6 «в» және 6 «ә» кластарының оқушылары атанды. Сонымен қатар, «Учусь быть гражданином» 7-8 кластар аралығында, «Полиглот», «ХІХ ғасыр көшбасшысы», «Кішкентай білгірлер» 2-3 кластар аралығында, «Люби и знай свой край»атты викториналық ойындар жүргізілді. Жетістіктерге жеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып отырды.

  1. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

04-05.09.2016 жылы аралығында мектеп директорының бекітуімен жоспар құрылып, «Денсаулық фестивалі»атты шара ұйымдастырылды. Бұл шараға 1-9 кластар түгел қамтылды. Мақсаты: Оқушылардың денсалықтарын шынықтыру, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту, денсаулықтың адам өмірінде маңыздылығын  түсіндіру, тазалықты сақтауға баулу;

Оқушылар алдымен қабырға газеттерін дайындады. Барлық мектеп оқушыларын мектеп алаңына сапқа тұрғызып, флешмоб ұйымдастырылды. Кейін түрлі жарыстар жүргізілді. 1-11 кластар аралығында  «Денсаулық –зор байлық» атты класс сағаттары ұйымдастырылды. Сурет конкурстары мен кітап көрмелері де өткізілді. Таңғы жаттығулар мен «Толағай» атты оқушылар мен ата-аналар арасында сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылар арасында ынтымақтастық, қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық қимыл дағдыларын дамыту;

Ұйымдастырушылар: дене тәрбиесінің ұстаздары. 5-6 класс оқушыларының ата-аналары мен оқушылар арасында ұйымдастырылған бұл шараға барлық аталған класс оқушыларының ата-аналар командасы белсенділікпен қатысты.

Шараттары:

  1. Командалардың таныстыруы;
  2. «Эстафета» ( эстафета таяғымен жүгіру)
  3. «Картоп егу» (әр кедергінің түбіне картопты егу, қайтарда жинау)
  4. «Қапшықпен секіру»
  5. «Үңгірден өту»
  6. «Жаңбыр жауып тұр» ( аяқтарына резеңке етік киіп, қолдарына қолшатыр ұстап кедергі арасымен жүгіріп барып, кедергі арасымен жүгіріп қайту)
  7. « Арқан тартыс»

Нәтижесінде   «Қыран» тобы І орын, «Сұңқар» тобы ІІ орын, «Жасұлан» тобы ІІІ орынды иеленді.

«Жасұлан» әскери-спорттық жарыс та ұйымдастырылды. Жетекшісі: АӘД жетекшісі Прмағанбетов А.

Жарыс 8-9 кластар арасында өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды патриотизмге, отан қорғауға, оладың бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсауға баулу, оқушылар бойына ар-намысты қалыптастыру; Командалар ұраны , команданың киімі, сап шеруі барлығы бақыланды. Жарысқа 8 оқушы қатыстырылды.

  1. Қанатқа шығу
  2. Бөгеттен секіру
  3. Зардап шеккен адамға көмек
  4. Өрмелеп жүру
  5. Брусядан қолмен тіреліп өту

Осы аталған шарттар бойынша оқушылар бағаланды.

Мектебімізде сондай-ақ, «Ал, қанекей қыздар» спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа 5-7 кластарының қыз балалары қатыстырылды.Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сайыстар өтті.

«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» акциясы өтті. Акцияны өткізудегі мақсаты «Темекі мен нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында алдын алу шаралары ұйымдастыру;

  1. Қоршаған орта және өз-өзін дұрыс бағалау, көшбасшылық қасиетті тәрбиелеу

Кластан тыс шаралар:  қыркүйек айында оқушылар арасында «Ашық есік күні» жарияланады. Үйірме,секцияларға оқушылар жазылады. Мектептегі үйірмелер, оқушылардың өзін-өзі тануымен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруы үшін қажет.

Өзін-өзі тани білу, қоршаған ортаны тани білу, оған өзінің тікелей қатысы бар екенін түсіндіру, өз өміріне өзінің жауапкершілігін арттыру мақсатында мектептерді бірқатар жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар мектептерде танымдық үйірмелер мен спорттық секциялар жұмысы жолға қойылған. Оқушылар өз қалауы бойынша мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі үйірмелерге тартылған. Мектепте  пәндік, эстетикалық тәрбие бағытында 6 үйірмелер, 6 спорттық секциялар жұмыс жасады. 475 оқушы- 39,5 % оқушы үйірмелерге қатысады, сонын ішінде мектептегі үйірмелерге, факультативтеге 54 %, мектептен тыс үйірмелерге 35% оқушы қатысады. Мектеп және мектептен тыс үйірмелер, секция және факультативтерге оқушылардың қатысуы туралы мәлімет:

Мектепте «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымындағы оқушылар   өзін-өзі басқару жұмыстары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Өзін-өзі дамыту мақсатында оқушылар арасында қалалық «Жас ақын», «Өнерлі өрен», «Өнер жұлдыздары», «Бармағынан бал тамған» атты өнер сайыстары ұйымдастырылды.

Оқушылардың тұлғалық – даму және өзіндік даму, өзіндік тәрбиелеу ыңтасын бақылау мақсатында мектепте 2 жыл балалардың тәрбие деңгейін анықтау мақсатында Капустина әдістемесі қолданады.

  2014-2015 оқу жылы 2015-2016 оқу жылы
«жоғары»тәрбие деңгейі 31 %, 40 %,
“жақсы” деңгей 38% 41%
“орташа”деңгей 29 % 18,5%
“төмен” деңгей 1,9 %.  0,5 %.

МЕКТЕП БОЙЫНША САНДЫҚ МӘЛІМЕТ

ОҚУШЫЛАР

1133

ТҮЛЕКТЕР

1376

МҰҒАЛІМДЕР

85

ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ


МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ

3

ҮЙІРМЕЛЕР

5

СЕКЦИЯЛАР

7