«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қош келдіңіздер!

ҚР, Ақтөбе қ., Гастелло көшесі 51

51-17

5_om@mail.kz

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету

«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де мемлекеттік қызмет көрсетудің

 7 түрімен жұмыс жасайды:

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 264 бұйрығына қосымша
 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 564 бұйрығына қосымша

 

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

  1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ “Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру оқуға ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” және “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
    3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
    4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.
    5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардығы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.
    6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
    7. Баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып және қабылдау шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын таңдайды.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.

2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Ескерту. Қағида 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-3. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не дәлелді бас тарту) жіберіледі.

Ескерту. Қағида 9-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-4. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса дәлелді бас тарту келеді.

Ескерту. Қағида 9-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-5. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң – ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

Ескерту. Қағида 9-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-6. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны немесе дәлелді бас тарту туралы қолхат береді.
Өтінімді қағаз жеткізгіште берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші баланы қабылдаған кезде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген бірінші үшеуін қабылдау туралы, содан кейін – ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді.
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.

Ескерту. Қағида 9-6-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-1. “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшадағы мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізбесін портал немесе қағаз жеткізгіш арқылы тапсырады.

Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық есептен шығару талонын және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды алады.

Ескерту. Қағида 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-3. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қағаз жеткізгіште қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші тиісті құжаттардың қабылданғаны және қабылданғаны туралы қолхат немесе дәлелді бас тарту береді.

Ескерту. Қағида 10-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-4. Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім беру ұйымынан шығатын оқушы басқа білім беру ұйымына келгені туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектептің мекенжайы көрсетілген талон береді, осыдан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектебінің мекенжайы және оның жеке ісі көрсетілген шығуы туралы есептен шығару талоны беріледі.

Ескерту. Қағида 10-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-5. Кету туралы есептен шығару талоны білім беру ұйымына білім алушының келуі және жеке ісін тапсыру үшін беріледі. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымдары басшыларының қабылдау/шығару туралы бұйрықтарымен жүргізіледі.

Ескерту. Қағида 10-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, ұсынылған құжаттарының дұрыс еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Ескерту. Қағида 10-6-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Ескерту. Қағида 10-7-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
    12. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.
    Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.
    13. Білім алушыларды гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназияның, лицейдің жарғысына сәйкес аталған білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылады.
    14. Гимназиялар және лицейлер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады.
    15. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі (бұдан әрі-конкурс).
    Мамандандырылған білім беру ұйымы өзінің интернет-ресурсында конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде сынып-жинақтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мамандандырылған білім беру ұйымына түсуге үміткерлердің ата-аналарынан/заңды өкілдерінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуірге дейін жүргізіледі.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға (мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту тілі, электрондық мекен-жайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты болады.

Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға келесі құжаттарды ұсынады:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

5) бар болса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-“Дарын” орталығы), облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысқаны туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі.

Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.

Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 3 сәуірге дейін әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасы конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын “Дарын” орталығына тест материалдарын қалыптастыру үшін тапсырады.

Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. “Дарын” орталығы басшысының бұйрығымен үміткерлердің электрондық базасымен жұмыс істеуге жауапты тұлға анықталады.

Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. “Дарын” орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссия құрады.

Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, “Дарын” орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.

Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурстық комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мамандандырылған білім беру ұйымы “Мың бала” ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.

Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды “Дарын” орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.

Ескерту. Қағида 26-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурс “Дарын” орталығы белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 15 – 30 сәуір аралығында өтеді.

Ескерту. Қағида 27-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының және “Дарын” орталығының интернет-ресурстарында 5 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін орналастырылады.

Ескерту. Қағида 28-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурс офф-лайн (тестілеу) режимінде өтеді.

Ескерту. Қағида 29-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын “Дарын” орталығының қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді.

Ескерту. Қағида 30-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша “Дарын” орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.

Ескерту. Қағида 30-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.

Ескерту. Қағида 32-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. 7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
    – математика және логика – 55 сұрақ;
    – оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
    – Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.
    6-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:
    – математика және логика – 35 сұрақ;
    – оқу сауаттылығы – 15 сұрақ;
    – Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.
    5-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
    – математика және логика – 30 сұрақ;
    – оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.

Ескерту. Қағида 33-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тапсырмаларды шешуге бөлінген уақыт 7 сыныпта – 120 минут, 6 сыныпта – 90 минут, 5 сыныпта- 60 минут, (тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ көрсетілген уақытқа түсіндіру жұмыстары кірмейді).

Ескерту. Қағида 34-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны “4” (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап “-1” коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( – ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

Ескерту. Қағида 35-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу “Дарын” орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.

Ескерту. Қағида 36-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.

Ескерту. Қағида 37-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. “Дарын” орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломның облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірдей балл жинаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.

Ескерту. Қағида 38-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. “Білім-инновация лицейді” қоспағанда, мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілерге конкурстық іріктеу бір турда (тестілеу) өткізіледі. “Білім-инновация” лицейіне конкурстық іріктеу және қабылдау “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Ескерту. Қағида 39-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес баллдардың ең көп санынан басталады.

Ескерту. Қағида 40-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Үміткерлерді конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және “Дарын” орталығының және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.

Ескерту. Қағида 41-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Конкурс қорытындылары бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы 5 мамырға дейін келесі оқу жылының 1 қыркүйегінде мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Ескерту. Қағида 42-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Үміткерлердің резервтік тізімін конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жиналған балдардың сомасы бойынша кему тәртібімен қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.

Ескерту. Қағида 43-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер мамандандырылған білім беру ұйымдарына бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындардың болуы мамандандырылған білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

Ескерту. Қағида 44-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 217 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығмен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 15681 болып тіркелген) Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялықс талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды.

Ескерту. Қағида 45-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Әскери іс, спорттың және өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары, мектеп Жарғысына сәйкес, функционалды кәсіби, психологиялық және физиологиялық мәліметтерді ескере отырып, талапкерлердің екінші турын өткізеді.

Ескерту. Қағида 46-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
    Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    48. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
    3. Мыналардың:
    1) “Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасының;
    2) “Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 28 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16749 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
    4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
    5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т.Кариноваға жүктелсін.
    6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына
3-қосымша

“Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида)

Жалпы ережелер

  1. “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны қалыпастыру тәртібін анықтайды.
  2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

  1. “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Құжаттар топтамасын көрсетілген қызметті беруші кеңсесі арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (еркін нысанда) береді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

  1. “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүгінген кезде www.egov.kz көрсетілетін қызметті алушы “Білім беру” бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы “жеке кабинетіне” осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны жолдайды немесе электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындап порталдағы “жеке кабинетіне” жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оқыту сыныбын, тілін анықтау үшін қарайды. Басшы құжаттарды қарағаннан кейін баланы үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші үйде жеке тегін оқуға қабылдау туралы бұйрықты қалыптастырады.
  3. Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы
№ 172 бұйрығына
16-қосымша

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
35-қосымша

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына және “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген.
    2. Осы Қағидалар білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру тәртібін, сондай-ақ білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібін белгілейді.

2-тарау. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру тәртібі

  1. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды білім беру ұйымдары “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес береді.
    4. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом, біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіптік даярлау туралы куәлік беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.
    Интернатураны немесе резидентураны бітіргені туралы куәлікті беру үшін аттестаттау комиссиясының шешімі негіздеме болып табылады.
    Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат беру үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негіздеме болып табылады.
    Ерекше мәртебесі жоқ Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы диссертациялық кеңестерде диссертация қорғаған адамдарға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру жөніндегі бұйрығы негіз болып табылады.
    Қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор аттестатын беру үшін Комитет төрағасының қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.
    5. Білім беру ұйымдарында негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом Қазақстан Респубдикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 болып тіркелген) бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерне сәйкес, жоғары білім туралы үздік диплом Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 тіркелген) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес беріледі.
    6. Білім туралы құжат тиісті шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей салтанатты түрде білім алушының өзіне беріледі.
    Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.

3-тарау. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібі

  1. Білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.
    Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:
    1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;
    2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
    3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
    Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше білім беру ұйымына жүгінеді.
    8. Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.
    9. Білім беру ұйымдары жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
    10. Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.
    11. Жоғары оқу орындарын 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бітірген түлектерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы беріледі.
    12. Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында “Түпнұсқаның орнына берілген № ______ телнұсқа” деген мөртаңба қойылады.
    13. Жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына “ғылым кандидаты”, “ғылым докторы”, “философия докторы (PhD)”, “бейіні бойынша доктор” дипломдарының, “қауымдастырылған профессор (доцент), “профессор” аттестаттарының телнұсқаларын беру үшін аталған тұлғаларға ғылыми дәрежелер немесе ғылыми атақтар беру туралы Комитет төрағасының бұйрықтары негіздеме болып табылады.

1-параграф. “Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

  1. “Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
    15. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның кеңсесі немесе “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес “Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
    16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес “Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
    17. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
    18. Мемлекеттік корпорация немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    19. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
    20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
    21. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
    22. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
    23. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
    24. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
    25. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
    26. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
    27. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
    28. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру болып табылады.
    29. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
    30. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
    31. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
    32. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

2-параграф. “Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

  1. “Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.
    34. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымның кеңсесі немесе “электрондық үкіметітің” www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды нысанда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
    35. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
    36. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
    37. Мемлекеттік корпорация немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    38. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
    39. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
    40. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
    41. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
    42. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
    43. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
    44. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
    45. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
    46. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
    47. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру болып табылады.
    48. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
    49. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
    50. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
    51. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-параграф. “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі.

  1. “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғары оқу орындарымен көрсетіледі.
    53. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе “электрондық үкіметітің” www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды нысанда жоғары оқу орнының басшысының атына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
    54. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
    55. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
    56. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    57. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
    58. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
    59. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
    60. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) жоғары оқу орынына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
    61. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге жоғары оқу орнына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
    62. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
    63. Жоғары оқу орнының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
    64. Жоғары оқу орнының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
    65. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, жоғары оқу орнының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
    66. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру болып табылады.
    67. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
    68. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
    69. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
    70. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

4-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
    72. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
    Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ поштамен келіп түскен шағымдардың кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
    73. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
    көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
    74. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
    2) қосымша ақпарат алу.
    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына
10-қосымша

“Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы “Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

3) “электрондық үкіметтің” веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – портал);

4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. “Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), білім беру ұйымындарына немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес “Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
  2. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туылғанын, некеге тұруды немесе бұзуды куәландыратын құжаттар туралы (“АХАЖ тіркеу пункті” ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), жұмыссыз ретінде тіркелу туралы, көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататындығы туралы мәліметтерді, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электронды үкімет” шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

  1. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтаманы (бұдан әрі-анықтама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықтаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
  3. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және анықтаманы алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.

Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына
11-қосымша

“Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру” мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы “Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру” мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) “Азаматтарға арналған үкіме” мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, “бір терезе” қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

4) “электрондық үкіметтің” веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – портал);

5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. “Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, білім беру ұйымыдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға “Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
  2. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  4. Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы жеткізуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

  1. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туу туралы куәлігін, некеге тұруды куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді (“АХАЖ тіркеу пункті” ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісім алады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

  1. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама (жолдама) (бұдан әрі – жолдама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
  3. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

  1. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және жолдама алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.

Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2020 жылғы 14 мамырдағы
№ 202 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен
бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) апелляция – ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы берілетін ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелерін қайта қарауға педагогтің сұрау салуы;

2) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – комиссия);

3) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – республикалық апелляциялық комиссия) – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия, ол педагогтер ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

4) біліктілік санаты – осы Қағидаларда және Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларында айқындалатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін педагогтердің кәсіптік құзыреттілік деңгейі;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

7) педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, “Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілген лауазымдарды атқаратын тұлға;

8) Ұлттық біліктілік тестілеу – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдар атқаратын педагогтерді аттестаттау (бұдан әрі – педагог) мынадай кезеңдерді қамтиды:
    педагогтер үшін:
    1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
    2) біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;
    білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:
    1) біліктілік бағалау;
    2) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
    білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
    1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
    2) біліктілік бағалау;
    3) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
    4. Педагогтерді аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.
    5. Педагогтер аттестаттаудан өту үшін ұлттық біліктілік тестілеуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымға өтініш беру жолымен тапсырады және ұлттық біліктілік тестілеуден электрондық форматта өтеді.
    6. Ұлттық біліктілік тестілеу педагог өтінішінде көрсетілген мерзімде өткізіледі.
    7. Педагогтердің өтініштерін қабылдау кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, білім беру ұйымдары басшыларының өтініштерін қабылдау тестілеу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі.
    8. Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік), күнін, уақытын таңдайды және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайтын ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
    9. Ұлттық біліктілік тестілеу:
    1 (бір) рет – тегін,
    қайта 1 рет және сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде,
    білім беру ұйымдарының басшылары үшін – ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылдың 1 айлық есептік көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде өтеді.
    10. Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама беріледі.
    11. Ұлттық біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
    1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
    “Мектепке дейінгі педагогика және психология” – отыз тапсырма;
    “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма;
    2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма;
    “Оқу пәнінің мазмұны” – жетпіс тапсырма;
    Бастауыш білім беру педагогтері тестілеуді қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), әдеби оқу, математика пәндері бойынша тапсырады.
    3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
    Жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтер:
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма;
    “Оқу пәнінің мазмұны” – жетпіс тапсырма;
    Арнайы пәндер бойынша педагогтер:
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма;
    “Қызмет бағыты бойынша” – жетпіс тапсырма;
    Өндірістік оқыту шеберлері:
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма;
    “Қызмет бағыты бойынша” – отыз тапсырма;
    4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
    “Психология негіздері” – отыз тапсырма;
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма;
    5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
    “Оқу пәнінің мазмұны” – жетпіс тапсырма;
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма.
    6) Білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
    “Заңнаманы білу” бағыты бойынша – 80 (сексен) сұрақ;
    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 20 (жиырма) сұрақ;
    “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексі – 20 (жиырма) сұрақ;
    “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңы – 20 (жиырма) сұрақ;
    “Педагог мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы – 10 (он) сұрақ;
    “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы” Қазақстан Республикасының Заңы – 10 (он) сұрақ;
    “Басқару құзыреті” бағыты бойынша – 20 (жиырма) сұрақ.
    12. Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, “Математика”, “Физика”, “Химия”, “Информатика” пәндері үшін екі жүз қырық минутты құрайды.
    13. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) болып табылады.
    14. ҰТО тест тапсырмаларының базасын әзірлейді. Ұлттық біліктілік тестілеуді ҰТО не білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым өткізеді.
    15. Аудиторияға ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
    16. Осы Қағидалардың 19-тармағы бұзылған жағдайда заттарды табу және аудиториядан аудиторияда өзін-өзі ұстау ережесін бұзған педагогті шығару актісі және (немесе) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тестілеуге жалған тұлғаны анықтау актісі жасалады.
    17. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталған, сондай-ақ қарау кезінде анықталған бейнежазбаны тапсыру мерзіміне қарамастан, акт жасалады және нәтижелердің күші жойылады.
    18. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.
    19. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан орнына ауысуға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдар шығаруға, аудиторияға кіргізуге және заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) пайдалануға жол берілмейді.
    20. Отырғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу кезінде мінез-құлық ережелері бойынша аудиожазба жүргізіледі.
    21. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау былайша жүзеге асырылады:
    1) ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау бар тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда – нөл балл беріледі;
    2) ұсынылған жауаптардан бірнеше дұрыс жауаптарды таңдаумен тапсырмалар үшін:
    барлық дұрыс жауаптар үшін -екі балл;
    бір қате үшін – бір балл;
    жіберілген екі және одан да көп қателіктер үшін – нөл балл.
    22. Тестілеу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық біліктілік емтихандарын өткізуді жүзеге асырады:
    1) педагогтер базасын қалыптастыру (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: ЖСН, Т.А.Ә. (болған жағдайда), өтініш берілген біліктілік санаты, тапсыру тілі);
    2) компьютерлік кабинеттердің дайындығын бақылау;
    3) аудиторлық қорды ұсыну;
    4) тестілеу кезінде пайдаланылатын компьютерлерді тестілеу өткізілгенге дейін бір күн бұрын дайындау;
    5) педагогтерді компьютерлік кабинетке рұқсаттама, жеке басын куәландыратын құжат бойынша кіргізу және оларды отырғызу;
    6) өтініш қабылдау, тестілеу өткізу, апелляциялық рәсімдер кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;
    7) тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу нәтижелерін өңдеу және беру;
    8) апелляцияны есепке ала отырып, апелляция жүргізу және нәтижелерді беру.
    23. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
    24. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілген тестілеу нәтижелерімен танысады.
    25. Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама – педагогтің жеке кабинетінде көрсетіледі. Педагогтің талабы бойынша тестілеу нәтижесі басып шығарылады, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымы қызметкерінің қолымен және мөрімен куәландырады, қолына беріледі.
    26. Келесі балл алған жағдайда тестілеу нәтижесі оң болып саналады:
    1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
    “Мектепке дейінгі педагогика және психология”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 50%;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 60%;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 65 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 70 %;
    “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту әдістемесі”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 30 % ;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 35 %;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 40 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 45 %.
    2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
    “Оқу пәнінің мазмұны” бағыты бойынша:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 50%;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 60%;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 65 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 70 %;
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” бағыты бойынша:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 30 % ;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 35 %;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 40 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 45 %.
    3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
    “Оқу пәнінің мазмұны” бағыты бойынша:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 50%;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 60%;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 65 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 70 %;
    “Қызмет бағыты бойынша”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 50%;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 60%;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 65 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 70 %;
    “Педагогика, оқыту әдістемесі” бағыты бойынша:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 30 % ;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 35 %;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 40 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 45 %.
    4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
    “Психология негіздері”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 50%;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 60%;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 65 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 70 %;
    “Педагогика, оқыту әдістемесі”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 30 % ;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 35 %;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 40 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 45 %.
    5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
    “Оқу пәнінің мазмұны”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 50%;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 60%;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 65 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 70 %;
    “Педагогика, оқыту әдістемесі”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 30 % ;
    “педагог-сарапшы” біліктілік санаты – 35 %;
    “педагог-зерттеуші” біліктілік санаты – 40 %;
    “педагог-шебер” біліктілік санаты – 45 %.
    6) Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жұмысқа алғаш рет қабылданғанда:
    “Оқу пәнінің мазмұны”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 60%;
    “Педагогика, оқыту әдістемесі”:
    “педагог-модератор” біліктілік санаты – 30 % .
    7) білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
    “Заңнаманы білу” бағыты бойынша:
    үшінші біліктілік санатты басшы – 60%;
    екінші біліктілік санатты басшы – 65%;
    бірінші біліктілік санатты басшы – 70 %;
    “Басқару құзыреті” бағыты бойынша:
    үшінші біліктілік санатты басшы – 55%;
    екінші біліктілік санатты басшы – 60%;
    бірінші біліктілік санатты басшы – 70 %;
    27. Ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесі бір жылға жарамды.
    28. Ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелерімен (негіздемелермен дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляция береді.
    29. Бірыңғай өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеу өткізу кезеңінде тестіленетін құқықтарды қорғау мақсатында ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететін Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметін жүзеге асырады.
    30. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
    31. Республикалық апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
    32. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
    1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
    дұрыс жауаптың жоқтығын негіздей отырып келіспеймін;
    дұрыс жауап жоқ;
    барлық ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
    дұрыс құрастырылмаған тест тапсырмасы.
    2) техникалық себептер бойынша:
    тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.
    33. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді. Әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені көрсетпей (толық түсініктеме, тапсырмаларды қадамдық шешу) барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға өтініш қарауға жатпайды.
    34. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды. Республикалық апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары тестілеуді өткізуге жауапты ұйымда бір жыл бойы сақталады.
    35. Онлайн-қабылдау режимінде қаралған апелляция нәтижелері бойынша жеке кабинетте апелляцияны есепке ала отырып, нәтижелер көрсетіледі.
    36. Тестілеудің теріс нәтижесін көрсеткен аттестатталушылар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
    37. Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) одан әрі аттестаттау рәсімі:
    педагогтер үшін – “Педагог мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес біліктілік санатын беру (растау);
    білім беру ұйымдарының басшылары үшін – осы Қағидалардың

3-тарауына сәйкес жүргізіледі.

  1. Аттестаттау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
    Педагог облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО) немесе білім беру ұйымдарына не “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
    республикалық білім беру ұйымдарының педагогі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына не Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш ұсына алады.
    39. “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсетеді.
    40. “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – республикалық білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі мемлекеттік қызметті) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.
    41. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7, 8-қосымшаларға сәйкес педагогтерді, оның ішінде республикалық білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиісті стандарттарында келтірілген.
    42. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады.
    43. Өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды берген жағдайда, ЖАО-ның, білім беру ұйымының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымының, білім беру саласындағы уәкілетті органның жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
    44. Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, өтініш берушіге дайын құжаттарды беру күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қалыптастырылған өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация тиісті ЖАО-ға, білім беру ұйымына, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымына не білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.
    45. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
    46. ЖАО, білім беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және өтініш берушінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің және тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
    47. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері тиісті мемлекеттік қызмет стандартында көзделген.
    48. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда 46-тармақта көрсетілген іс-әрекет тиісті ЖАО-ға, білім беру ұйымдарына, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, білім беру саласындағы уәкілетті органға құжаттар келіп түскен және тіркелген күні жүзеге асырылады.
    49. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тиісті ЖАО, білім беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.
    50. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжаттарды не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.
    51. ЖАО, білім беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
    52. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
    53. “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    54. Педагогтерді аттестаттау үшін тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен комиссиялар құрылады.
    55. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіруі мүмкін.
    56. Комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады, бұл ретте құрамы жеті мүшеден кем болмауы тиіс. Комиссия мүшелері Комиссия отырысына алмастыру құқығынсыз қатысады.
    57. Комиссия төрағасы педагогтерді аттестаттаудан өткізетін мемлекеттік органның басшысы болып табылады. Төрағаның орынбасары комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
    58. Хатшы оның комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және қол қояды және дауыс беруге қатыспайды.
    59. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде 2/3-сі қатысса, заңды деп есептеледі.
    60. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
    61. Комиссия отырыстарында аудио және бейне жазба жүргізіледі. Аудио және бейне жазбалар архивте кемінде үш жыл сақталады.

3-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібі

  1. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары (бұдан әрі – аттестатталушы) Комиссияға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің біліктілік санатын көрсете отырып өтініш береді.
    63. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын (бұдан әрі – аттестатталушы) аттестаттау портфолио негізінде біліктілік бағалауды және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылауды ғана қамтиды.
    64. Аттестатталушы аттестаттау кезінде алғаш рет кез келген біліктілік санаттарына өтініш бере алады. Әрі қарай – бірізділікті сақтай отырып береді.
    65. Аттестаттау қабылданған сәттен бастап үш жыл кезең өткеннен кейін алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
    66. Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыста, сондай-ақ егер ауру Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кіретін болса, еңбекке жарамсыздық парағында болуын қоспағанда, білім беру ұйымдарының барлық басшылары мен басшының орынбасарлары аттестаттауға жатады.
    67. Бала күтімі бойынша демалыста жүрген аттестатталушы қызметке шыққаннан кейін кемінде алты ай өткен соң аттестатталады. Осы тармақта көрсетілген басқа да тұлғаларды аттестаттау аталған тұлғаның қызметке шығуы бойынша аттестаттау кестесімен айқындалады.
    68. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын аттестаттау портфолио ұсынған аттестатталушының кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
    69. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттауды өткізуге дайындықты білім беру ұйымдарындағы жауапты орындаушылар, аттестаттаушы органның кадр қызметі ұйымдастырады және келесі іс-шараларды қамтиды:
    1) басшыларға (бұдан әрі-аттестатталушы) қызметтік мінездемені, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтаманы, жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері бойынша талдамалық есепті қамтитын қажетті құжаттарды дайындау;
    2) аттестация өткізу кестесін бекіту.
    70. Аттестаттаушы органның кадр қызметі жыл сайын 20 желтоқсанға дейін келесі жылы аттестаттауға жататын аттестатталушылардың тізімін айқындайды.
    71. Аттестаттаушы органның басшысы органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей бұйрық шығарады, онда аттестатталушылардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі және комиссияның құрамы бекітіледі.
    72. Аттестаттаушы органның кадр қызметі жыл сайын 30 желтоқсаннан кешіктірмей аттестатталушыларды аттестаттауды өткізу мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.
    73. Аттестатталушыларға қызметтік мінездеме қамқоршылық кеңеспен және аттестаттаушы органның кадр қызметімен ресімделеді. Қызметтік мінездеме аттестатталушының кәсіби, жеке қасиеттері мен қызметтік іс-әрекетінің нәтижелеріне негізделген, объективті бағалауды қамтиды.
    74. Аттестатталушы органның кадр қызметі аттестатталушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
    75. Аттестаттаушы органның кадр қызметі аттестаттауға құжаттарды қабылдау кезінде біліктілік баға береді.
    76. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда аттестаттаушы органның кадр қызметі құжаттарды қабылдамайды және аттестатталушыға дәлелді бас тартуды ұсынады.
    77. Аттестаттаушы органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын комиссияға жібереді.
    78. “Білім беру ұйымы басшысының орынбасары”, “білім беру ұйымының басшысы” біліктілік санаты лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.
    79. Аттестатталушы тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі не педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда “үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары” біліктілік санатына үміткер болады.
    Бұл ретте:
    төменде көрсетілген кемінде үш көрсеткіштің орындалуы қамтамасыз етіледі:
    білім беру ұйымының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектепішілік бақылаудың (сапаны бақылаудың) алуан түрлерін пайдаланудың нәтижелілігі;
    оқу/сабақ талдауының (оқуды/сабақты бақылау журналы (парақтары) оқуды/сабақты бақылау бағдарламасына сәйкестігі;
    педагогтердің біліктілік санаттарын, мектепішілік бақылауды (сапаны бақылауды) жүзеге асыру үшін білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып деңгейлік дескрипторларды пайдаланудың нәтижелілігі;
    жетекшілік ететін бағыт бойынша аудандық/қалалық деңгейде жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.
    80. Аттестатталушы тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі не педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда “екінші біліктілік санатты басшының орынбасары” біліктілік санатына үміткер болады.
    Бұл ретте:
    төменде көрсетілген кемінде үш көрсеткіштің орындалуы қамтамасыз етіледі:
    мектепішілік бақылау (сапаны бақылау) үшін білім беру ұйымдарының ресурстарын (цифрлық, кадрлық, материалдық-техникалық) ұтымды пайдалану;
    бақылау-өлшеу материалдарының алуан түрлерін пайдалану және олардың ақпараттылығы: оқу жетістіктерінің көрсеткіштері;
    мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: “тігінен” (әкімшілік – мұғалім) және “көлденеңінен” (басқару субъектілері арасында);
    облыстық деңгейде жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.
    81. Аттестатталушы тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі не педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда “бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары” біліктілік санатына үміткер болады.
    Бұл ретте:
    төменде көрсетілген кемінде үш көрсеткіштің орындалуы қамтамасыз етіледі:
    мектепішілік бақылау (сапаны бақылау) нәтижелерінің объективтілігі мен пәрменділігі: өлшенетін көрсеткіштердің динамикасы;
    мектепішілік бақылауды ұйымдастырудағы инновациялық тәсіл;
    талдамалық материалдардың сапасы;
    жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін республикалық немесе халықаралық деңгейде жалпылау және тарату;
    педагогтердің әртүрлі санаттарымен сараланған жұмыс жүйесі.
    82. Тиісті деңгейдегі комиссиясы мынадай біліктілік санаттарын береді:
    “үшінші санатты басшы”, “үшінші санатты басшының орынбасары” – аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің, республикалық маңызы бар және астаналық қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы; облыстық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін – облыстық білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы; республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін – білім беру саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы;
    “екінші санатты басшы”, “бірінші санатты басшы”, “екінші санатты басшының орынбасары”, “бірінші санатты басшының орынбасары” – облыстардың, республикалық маңызы бар және астаналық қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы; республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін – білім беру саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы.
    83. Комиссия аттестатталушы білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен аттестаттауды өткізеді.
    84. Аттестатталушы дәлелді себеп бойынша комиссия отырысына келмеген жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау күнтізбелік жеті күннен аспайтын мерзімге ауыстырылады.
    85. Аттестатталушы дәлелсіз себептермен болмаған жағдайда аттестаттаудың белгіленген күнінен бастап күнтізбелік жеті күн өткен соң қайта аттестаттау тағайындалады. Дәлелсіз себептермен қайта келмеген жағдайда білім беру ұйымдарының басшылары аттестатталмаған деп есептеледі және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы тәртібімен жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылады.
    86. Отырыс барысында Комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.
    87. Ұсынылған материалдарды зерделеу және аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесімен әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталушыға бағалау парағы толтырылады.
    88. Осы Қағидаларға 14-қосымшада белгіленген көрсеткіштердің орындалуын аттестатталушы әңгімелесуде ұсынады.
    89. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
    өтініш берілген санатты растаумен аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
    90. Комиссия “өтініш берілген санатқа аттестатталмады” деген шешім қабылдаған кезде білім беру ұйымы басшысының орынбасары осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өткен күннен бастап бір жылдан ерте емес уақытта қайта аттестаттауға өтеді.
    91. Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
    өтініш берілген санатты растаумен аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
    92. Қайта аттестаттау кезінде Комиссия “өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады” деген шешім қабылдаған жағдайда қолда бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.
    93. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
    еңбек шартты бұзуымен өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
    94. Комиссия “өтініш берілген санатқа аттестатталмады” деген шешім қабылдаған кезде аттестатталушы осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өткен күннен бастап үш айдан ерте емес (аттестатталатын кезең үшін бір реттен артық емес) уақытта қайта аттестаттауға өтеді.
    95. Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
    өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
    еңбек шартты бұзуымен өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
    96. Комиссия “бірінші біліктілік санатты басшы” немесе “екінші біліктілік санатты басшы” біліктілік санаты бар аттестатталушыда қайта аттестаттау кезінде “өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады” деген шешім қабылдаған жағдайда, біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді; “үшінші біліктілік санатты басшы” біліктілік санаты бар басшылармен еңбек шарты бұзылады.
    97. Аттестатталушы комиссияның шешімімен танысады.
    98. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия хатшысы мен оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды.
    99. Комиссия шешімі аттестатталушылардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.
    100. Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы және оған қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне енгізіледі.
    101. Комиссияның шешімі жыл сайын ағымдағы жылдың 15 шілдесінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді. Тиісті бұйрықтың негізінде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес біліктілік бере отырып (растай отырып) аттестаттау туралы куәлік беріледі.
    102. Біліктілік берілетін (расталатын) аттестаттау туралы куәлік осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 219 бұйрығына
қосымша

“Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидасы” “Мемлекеттік қызмет көрсету туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосымша білім беру ұйымдарына және жалпы орта білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжат қабылдаудың тәртібін анықтайды.
    2. “Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі, оның ішінде үрдістің мінездемесі, түрі, мазмұны және қызмет көрсетудің нәтижесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес “Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беріледі немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қабылдау туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш берген жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы анықтаманы беріледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Құжаттарды Портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алынған сәттен бастап 10 минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қағаз жеткізгіште немесе Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны және қосымша білім беру ұйымына, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның филиалына құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді

  1. Көрсетілетін қызметті беруші “Мемлекеттік қызмет көрсету туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезеңі туралы ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға беруге болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына тікелей түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы “Мемлекеттік қызмет көрсету туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекен-жайына түскен жағдайда, онда тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

 

 

 

МЕКТЕП БОЙЫНША САНДЫҚ МӘЛІМЕТ

ОҚУШЫЛАР

1151

ТҮЛЕКТЕР

1424

МҰҒАЛІМДЕР

88

ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ


МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ

3

ҮЙІРМЕЛЕР

3

СЕКЦИЯЛАР

3